Педагогтерінің тамыз семинар-кеңесі

024 жылғы 22 тамызда Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназия педагогтерінің тамыз семинар-кеңесі өтті. Пленарлық сессияға педагог-тренер, ата-ана мен мектеп байланысы жөніндегі сарапшы, “Tolyq Adam” оқыту орталығының басшысы Ш.Ж. Арапбай, Сырбай Мәуленов атындағы № 37 мектеп-лицейінің педагогтері және Қайым Мұхамедханов атындағы № 90 гимназия педагогтері қатысып, әдістемелік ұсыныстар жасады.
Сонымен қатар “Цифрлік платформаларды сабаққа енгізу жолдары”, «Қалыптастырушы және жиынтық бағалау тапсырмаларын тиімді жасау», «Оқу процессіндегі жасанды интеллект», «Дарынды балалармен жұмыс», «Біртұтас тәрбие», Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының негізгі принциптері» тақырыптарында секциялық оқулар ұйымдастырылды.
#bilimastana
#astana_adistemelik_ortalyq