Астана қаласы Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназия әкімшілігі ізгі ниетпен құттықтайды!
Құрметті арулар, аяулы аналар, қадірлі әріптестер мен сүйкімді қызғалдақтар!
Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 Наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздер – мейірім мен махаббаттың, ізгілік пен сұлулықтың символысыздар. Әр күніңіз қуаныш пен шаттыққа, жылы сөз бен сүйіспеншілікке толы болсын! Отбасыңызға амандық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз.
Әлемге шуағын шашқан көктемдей құлпырып, бақыт пен берекенің төрінде жүре беріңіздер!
Мереке құтты болсын!