Құрметті ата-аналар мен сүйкімді бүлдіршіндер!
Жазғы демалысты балаңыз үшін қызықты әрі пайдалы етіп өткізгіңіз келсе – сіздерді жазғы лагерьге шақырамыз!
Қ.Мұхамедханов атындағы №90 гимназиясында
1-4 сынып оқушыларына арналған жазғы лагерь өз жұмысын бастайды!
Басталу күні: 01 маусым 2025 жыл
Уақыты: 09:00 – 14:00
Өтетін орны: Қорғалжын тас жолы, 37/1
Бағдарламада:
•Қызықты ұлттық ойындар мен шығармашылық үйірмелер
•Эко-серуендер және спорттық жарыстар
•Ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді дәріптейтін танымдық ойындар
•Жаңа достар, жарқын көңіл-күй және ұмытылмас сәттер!
Жауаптылардың байланыс нөмірі:
+7 747 486 06 15
+7 778 645 23 55
Балаңыздың жазғы демалысы мазмұнды да мағыналы өтсін десеңіз – бірге болайық!
Келіңіздер, балалық шақтың ең жарқын сәттерін бірге жасайық!