Наурыз – жыл басы!

Бүгін мектебімізде Ұлыстың ұлы күніне арналған «Наурыз – жыл басы» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Іс-шара барысында оқушылар Наурыз мейрамының мән-мағынасын терең түсініп, ұлттық салт-дәстүрлермен танысты.

Наурыз көже, бата беру, көрісу сияқты ата-бабамыздан қалған асыл мұраларды дәріптедік. Сонымен қатар, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 10 минуттық қауіпсіздік сағаты өткізілді. Бұл шарада жолда жүру ережелері, өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер туралы маңызды ақпарат берілді.

Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар балаларымыздың саналы, ұлттық рухы биік азамат болып қалыптасуына үлкен үлес қосады.