Бүгін мектебімізде 1 «Ж» және 1 «Д» сыныптарының ұйымдастыруымен Көрісу күніне арналған ерекше шара өтті.

Оқушылар бір-бірімен көрісіп, амандық-саулық сұрасып, мейірім мен достықтың жарқын үлгісін көрсетті. Бұл рәсім арқылы балаларымыз ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің маңыздылығын түсінді.

Шара барысында оқушылар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Осындай игі дәстүрлерімізді жаңғыртып, өскелең ұрпаққа насихаттаған ұстаздарымыз бен ата-аналарымызға алғысымыз шексіз.

Көрісу күні құтты болсын!
Әр шаңыраққа береке, бірлік пен молшылық тілейміз!