2025 жылдың 13 ақпанында гимназиямызда Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру және насихаттау мақсатында “Ұлттық кабинет” ашылды.

Бұл – ұлттық құндылықтарды насихаттайтын, оқушыларға қазақ халқының тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрлерін тереңірек таныстыратын арнайы оқу және тәрбие кеңістігі.

Ұлттық кабинет – ұлттық сана-сезімі берік, рухани дүниесі бай, елжанды ұрпақ тәрбиелеуге арналған ерекше орталық.