Бүгін Қ.Мұхамедханов атындағы №90 гимназияда @samruk_kazyna қорының қолдауымен инклюзивті білім беру кабинеті ашылды.

Салтанатты шараға арнайы білім басқармасының өкілдері, “Самұрық-Қазына” қорының өкілдері және қала мектептерінің директорлары қатысты.

Жаңа кабинет ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жайлы әрі тиімді білім алуына арналған. Ол заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген:

✅ Сенсорлық дамыту аймағы
✅ Логопед және дефектолог мамандарға арналған құралдар
✅ Арнайы түзету-қолдау құрылғылары
✅ Интерактивті тақта мен ойын элементтері
✅ Балалардың әлеуметтік дағдыларын дамытуға арналған орталық

Бұл – инклюзивті білім беруді дамыту жолындағы маңызды қадам.
Балалар үшін жаңа мүмкіндік сыйлаған @samruk_kazyna қоры мен барынша қолдау білдірген барлық азаматтарға алғысымызды білдіреміз!