Рубрика: Жаңалықтар

Кітап оқы да сыйлық ұтып ал!

Жақсы кітап – жан азығы. Кітап оқудың таным көкжиегін кеңейту мен білім қорын жетілдіруге тигізер әсері айрықша. Сондықтан ел ауқымында кітап оқуға қатысты  «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында 30 кітап акциясы», «Кітап – білім қайнары» қатарлы әртүрлі шаралар өткізіліп жатыр. Осы шаралардың қатарында гимназия да “Артық ғылым кітапта” атты жобаны бастады. Жоба әр тоқсан сайын мектеп оқушылары […]

Read More

Гимназия командасы жүлдегер иегері

25 қыркүйек Қазақстан Республикасы Астана футбол федерациясының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында қалалық турнир өтті. Додаға елордадағы мектептер арасынан іріктеліп шыққан 12 футбол командасы қатысты. Ұпай бойынша сұрыптау ережесіне сай әр команда бір-бірімен матч өткізіп, ең соңында жоғары ұпай жинаған 4 команда жартылай финалға жетті. Осығанға дейін дес бермей келе жатқан №90 гимназия командасы жартылай финалда […]

Read More

Қаламгерлермен кездескен күн

Бүгін гимназиямызға ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР жазушылар Одағының мүшесі, ақын Егеухан Мұқамәдиқызы және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ҚР Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының төрағасы, ақын Дәулеткерей Кәпұлы келді. Меймандар оқу орнын аралап, мектептің алдағы жоба-жоспарымен танысты. Атқарылып жатқан шараларға оң бағасын берді. Сондай-ақ жаңадан ашылған коворкинг орталығына арнайы құтты болсын […]

Read More

№90 Гимназия оқушысы бас жүлде иегері

Қазақ күресінен 2004-2005 жылы туған мектеп оқушылары арасында Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевты еске алуға арналған республикалық турнир өтті. Әр мектептің үкілеп қосқан дүлдүлдерінің арасында гимназиямыздың да сенім артқан саңлақтары бар еді. Қиянкескі тартыс нәтижесінде гимназиямыздың 9 “Ә” сынып оқушысы Әсем Аманова 44 келі салмақта І орынға  ие болды. Бұл Әсемнің тынбай еңбектенуінің арқасы болса, енді […]

Read More

«Көшбасшы оқушы» анықталды

Тілдер апталығының аясында 13 қыркүйек күні тарих пәні мұғалімі М.Қ. Қуанышқалиев және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Е. Әбутәліптің ұйымдастыруымен 9-11-сынып оқушылары арасында «Көшбасшы оқушы» атты зияткерлік сайыс өтті. Сайысқа мектеп мұғалімдері Г.Ж. Сайлаубаева, Қ. Санат, А. Байысхан қазылық етті. Бәсекенің 1-кезеңінде оқушылар өздері таңдаған ұяшықтағы сұраққа жауап берсе, 2-кезеңінде белгілі бір тақырып негізінде […]

Read More

Абайтануға арналған кездесу

Қазақ тілі онкүндігінің аясында 15 қыркүйек күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті «Абай академиясының» директоры Жандос Мағазбекұлымен  кездесу өтті. «Ұлы даланың ұлы ақыны – Абай» тақырыбында өткен басқосуда Жандос Мағазбекұлы оқушыларға тәлімді ой айтып, Абай өмірі мен шығармашылығына қатысты мол мағлұмат берді әрі ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Сондай-ақ өз кезегінде оқушылар да Абай поэзиясы мен қара […]

Read More

Ахмет Байтұрсынұлының құрметіне арналған көрме

6 қыркүйек Қазақстан Халқы тілдері күні аясында «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты көрме ұйымдастырылды.  Бұл көрме Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күн құрметіне арналды. Елімізде тіл мерекесі болып белгіленген 5 қыркүйек – қазақ тіл білімінің негізін қалаған ғалым, оқу-оқыту ісін жүйелеуші, мемлекет және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Көрме осы атаулы […]

Read More

Тіл апталығы аталып өтті

5 қыркүйек – қазақ әліпбиінің негізін қалаған реформатор, ағартушы, ұстаз, алаш көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Осы айтулы күннен бастап, гимназиямызда тілдер апталығы аталып өтті. «Тіл – тәуелсіздіктің тұғыры» тақырыбы аясында өткен қазақ тілі мен әдебиеті және тарих бірлестігінің онкүндігінде бірқанша іс-шаралар, ашық сабақтар ұйымдастырылды. Соның ішінде «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» көрмесі, «Мен тәуелсіз […]

Read More

Гимназия оқушылары жүлдегер атанды

     12 қыркүйек қазақ күресінен кіші жасөспірімдер арасында “Жас Барыс” қалалық турнирі өтті. Аталған жарысқа дене шынықтыру пәні мұғалімі Нұрсұлтан Бауыржанұлы жаттықтырған жас өрендер де қатысты. Нәтижесінде гимназиямыздың оқушылары алтын және қола жүлдеге ие болды. Атап айтқанда, 4 “А” сынып оқушысы Даниял Кульчиков бірінші орын, 3 “А” сынып оқушысы Абдурахим Жақсылық үшінші орынды еншіледі. […]

Read More

“Жыл үздігі 2021” байқауының мониторинг нәтижесі

“Жыл үздігі 2021” байқауының мониторинг нәтижесінде “Үздік жыл оқушысы” 7 а сынып оқушысы Жасарова Мерей гимназия директорының атынан ұялы телефон мен мақтау қағазы qazbilim Республикалық Қазбілім орталығының оқулықтары табысталды. “ Жыл үздігі 2021 “ жеіңімпазы физика пәні мұғалімі Хасанова Нұрбике Файзоллақызы құрмет грамотасы мен директордың өз атынан ”Мечта” сауда үйінен 50 мың теңгелік сертификат табысталды.

Read More