Рубрика: Жаңалықтар

“Мектебім-мейірім мекені”

Бүгін “Мектебім-мейірім мекені” атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті “Мектебім-мейірім мекені” атты алғашқы қоңырау салтанатты жиынына 1,11 сыныптар мен мектеп ұстаздары қатысты. Салтанатты жиынды мектеп директоры Гүлжанат Асанқызы құттықтау сөзімен ашып, биылғы оқу жылында ұстаздар мен оқушыларға сәттілік тіледі. Жиын барысында оқушылардан құрылған ансамбль күй ойнап, алғашқы қоңырау соғылды. Баршаңызды 1 қыркүйек-Білім күнімен құттықтаймыз! Жаңа […]

Read More

Вице-министр мектеппен танысты

  12 ақпан ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Раинбекқызы және Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыұлы бастаған арнайы топ мектебімізге келіп, жұмыс үдерісімен танысты. Басшылық құрамды мектеп директоры Аятжан Ахметжанұлы қарсы алып, мектептің қазіргі жай-күйімен, атқарылып жатқан жұмыс барысымен таныстырды. Құзырлы басшылар оқу сыныптары мен зертханалар, кабинеттер […]

Read More

Үштік одақ арасындағы диалог

Ұрпақ тәрбиесі мектеп пен ата-ана қауымының тығыз қарым-қатынаста болуын талап етеді. Үйде ата-ана тәрбиесінен бөлек, оқушының мектепте мұғалімнен алатын өнегесі өз алдына. Сондықтан тәрбие үдерісі мектеп үшін де білім беруден бір мысқал кем емес. Қазіргі жаһанданған заман ұрпақ психологиясына, дүниетаным мен пайымына аз ықпал еткен жоқ. Z ұрпақтың ұндылық көзқарасы мүлдем жаңаша деуге болады. Тіпті, […]

Read More

Қайырымдылық – қайырлы іс

Мектебімізде осы аттас арнайы қайырымдылық шарасы өтті. «Өзін-өзі тану – махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында өткізілген қайырымдылық акцияға әлеуметтік педагог Шолпан Жаңабайқызы мұрындық болды. 1-11 ақпан аралығында атқарылар қайырымды шараның бірі –  4 ақпанда мектеп кіреберісінде өткізілген көрме еді. Көрмеге қыздар шеберханасының қолөнер бұйымдары қойылды. Оқушылар өздері жасаған бұйымдарын, қолдан тіккен қолөнер заттарын көрмеде […]

Read More

«Бүгін менің туған күнім ой пәлі-ай»

Бүгін, 9 қаңтар – ақиық ақын, жыр жампозы Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Ол – қазақ поэзиясына бояуы қанық, сезімі тұнық, иірімі терең жырлар әкелген ақын. Жүректен шыққан өлеңдерімен ел сүйіспеншілігіне кенелген қаламгер. Сондықтан Мұқағали поэзиясы көп көкейінде жатталып, сазгерлер көмейіне ән болып құйылған. Жылдағы дәстүр бойынша биыл да ақынның туған күніне орай арнаулы іс-шаралар өз […]

Read More

Куратор сағаты сәтті өтті

4-ақпан Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы басшысының орынбасары Сындар Мұратқызы Дауешова мектебіміздің ұстаздар қауымына «Педагогтерді аттестаттаудан өткіз удің қағидалары мен шарттары» туралы кураторлық сағат өткізді. Әдістемелік қолдау көрсетуді көздеген аталған тәжірибелі к сағат мұғалімдердің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берген, аса қажетті кездесу болды. Оны қатысушы мұғалімдердің белсене қойған сұрақтары мен зе йін қоя тыңдаған […]

Read More

Оғландар олжалы оралды

30 қаңтар Нұр-Сұлтан қаласында қазақ күресінен кіші жасөспірімдер арасында қалалық турнир өтті. Бас-аяғы  8 команда қатысқан жарыста болашақта балуан болып, ел намасын қорғаймын деген жас саңлақтар сайысқа түсті. Бұл бәсекеге мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, республикалық спорт шебері Нұрсұлтан Бауыржанұлы да өз шәкірттерін бастап барды. Күн ұзаққа созылған белдесуде жас өрендер күрестің әртүрлі әдіс-айлаларын қолданып, […]

Read More

«Online мектеп» жобасының авторы гимназия қонағы

14 қаңтар күні білім саласының белгілі тұлғасы, көптеген инновациялық жобаларды жүзеге асырған Рауан Кенжеханұлы мектебімізге қонаққа келді. Мәжіліс залында өткен кездесуге мектептің мұғалімдер қауымы түгел қатысты. Жүздесу ашық форматта, еркін сұрақ-жауап түрінде өрбіді. Мектеп директоры Аятжан Ахметжан кіріспе сөз сөйлеп, Рауан Кенжеханұлын таныстырды. Одан кейін спикер адам капиталы және оның негізгі сипаты, Қазақстандағы адам капиталының […]

Read More

Мектеп мерейленген күн

Оқушысының жетістікке жеткенін көргеннен артық мұғалімде қуаныш жоқ болса керек. Ал мұғалім марапат алып, биіктен көрініп жатса, бұл мектеп ұжымының да мерейінің өскені. Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназия үшін мұғалімдердің бағындырған белестері өз алдына бөлек қуаныш. Елеулі жетістіктерімен ел сүйсінтіп, толағай табыстарымен топты қуантқан сондай мұғалімдердің бір шоғырына құтты болсын айтуды жөн санадық: 1. «Батырлар […]

Read More

«Толағай» мәресіне жетті

Бала тәрбиесінде мектеп, ата-ана, қоғамның негізгі үштаған ретінде атқарар рөлі айрықша. Әсіресе, бүгінгідей ата-ана жұмысқа «байланған», оқу онлайнға айналған заманда бала тәрбиесі тіпті де шетін мәселеге айналды. Оның үстіне психологтар да баланы әмірмен басқарудан гөрі, жанына үңілу, көңілін табу, өзара сырласудың қажет екенін айтып, дабыл қағуда. Өмір жүзіндегі осындай түйткілдерді ескере келе, мектеп ұжымы ата-аналар […]

Read More