Үштік одақ арасындағы диалог

Ұрпақ тәрбиесі мектеп пен ата-ана қауымының тығыз қарым-қатынаста болуын талап етеді. Үйде ата-ана тәрбиесінен бөлек, оқушының мектепте мұғалімнен алатын өнегесі өз алдына. Сондықтан тәрбие үдерісі мектеп үшін де білім беруден бір мысқал кем емес.

Қазіргі жаһанданған заман ұрпақ психологиясына, дүниетаным мен пайымына аз ықпал еткен жоқ. Z ұрпақтың ұндылық көзқарасы мүлдем жаңаша деуге болады. Тіпті, 1980-95 жылдар аралығындағы миллениалдар мен 2000 жылдардың Z ұрпағы арасында да айтарлықтай айырма бар. Сондықтан жас буынмен ұдайы пікірлесіп, ішкі ойын білу, ашық әңгіме арқылы сырласу аса маңызды. Осы мақсатпен мектебімізде ашық тәрбие, диалог сағаттары өткізілген болатын.

Әуелгі кездесуді мектеп директоры Аятжан Ахметжанұлы биылғы мектеп түлектері 11-сынып оқушыларымен өткізді. 3 ақпан күні өткен тәрбие сағаты еркін форматта, рухани әңгіме түрінде өрбіді. Мектеп басшысы түлеп ұшқалы отырған талапкерлерге білім алуда жіберіп алған  олқылықтардың орнын толтыру жолдарын айтып, кеңес берді. Сапалы білімге қол жеткізу қажеттігін өмірден алынған мысалдармен түсіндірді. Әңгімеге одан әрі тәрбие орынбасарлары мен психолог, сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері кірісіп, білім, тәрбие, ұлттық құндылық қатарлы бүтіннің бөлшегіндей болған ажырамас құндылықтарды әртүрлі ракурспен талқылады. Сондай-ақ, ұлы адамдардың осы тақырыптағы нақыл сөздері мен пікірлерінен ой өрістетті. Оқушылар да ойларын еркін жеткізіп, кейбір мәселелерге қатысты өз ұстанымдарын білдірді.

     «Рухани құндылықтар – тәрбие бастауы» аталатын тағы бір диологтық алаң 7 «Б» сынып оқушыларымен өткізілді. Тәрбие бөлімі және тәжірибелі ұстаздар Мұхтархан Малғаждарұлы, Заря Советқызы, Жандос Сұлтанбайұлы, ата-аналар өкілінен Айнұр Серікбекқызы қатысқан пікірлесу сағаты 6 ақпан күні өтті. Диологтық алаңда құндылықтар туралы құнды пікірлер айтылды. Ұлт зиялыларының тәрбиелік мәні бар ой-толғамдары сөз болды. Алаш қайраткерлерінің өмір жолынан сыр шертілді. Мағыналы кездесу оқушыларға ой салып, серпілуге, келешегі жайлы келелі шешімдер қабылдауға түрткі болды. Ол оқушылардың бүкпесіз айтқан ішкі сырларынан да аңғарылды.

9-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен өткізілген жиналыс «Үштік одақ: ата-ана, оқушы, мектеп» деп аталды. 11 ақпан күні ұйымдастырылған шараға 30 шақты ата-ана қатысты. Директор және оның орынбасарлары, сынып жетекшілері мен мұғалімдерден  бөлек,  мектеп әкімшілігінен ұйымдастырушы, қосымша білім беру педагогы, тәлімгер, психолог, әлеуметтік педагог қатарлы біршама лауазым иелері қатысты.

Бұл ата-аналармен өткізілген алғашқы басқосу емес-ті. Алайда бұған дейінгі жиналыстардан өзгешелігі бұл жолғы шара ата-аналарға арналған тренинг түрінде өтуінде.      Ойын ойнап, психологиялық тест тапсырып және сұрақ-жауап арқылы мұғалімдер қауымы мен ата-ана өзара бірігіп, ата-ана қандай болу керек, оқушы моделі қалай құрылу тиіс деген ұғымдардың мәнін анықтады. Ата-аналар мұғалімдер  ұсынсытарын айтып, мұғалімдер де ата-аналарға өтініш-тілектерін жеткізді.

Бұл оқушы және ата-аналармен ұйымдастырылған үштаған кездесу арқасында сәтті диалог алаңы құрылып, білім беру мен тәрбие мәселесін тағы бір ілгері адым алға жылжыды ден айтуға негіз бар. Мектеп директоры Аятжан Ахметжанұлы алда әлі де бұндай шаралар өз жалғасын табатынын атап өтті.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

X