«Мектеп музейінің білім беру кеңістігіндегі рөлі»

28.03.2024 жылы Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназиясында «Мектеп музейінің білім беру кеңістігіндегі рөлі» тақырыбында ІІ қалалық семинар-практикумы өтті. Семинар-практикумның ашылуында Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназия директоры

Гүлжанат Асанқызы Абдраманова, ҚР Ұлттық музейі Біліктілікті арттыру және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Меруерт Оразбайевна Амирова семинар-практикумның ашылуымен құттықтады.
Қайым Мұхамедханов атындағы № 90 гимназия музейінің атқарылған жұмыстарымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жылқыбайұлы Жауынбай таныстырды.
6 Г сынып оқушылары Мұратбек Нұрқайыр «Алдымда ақын Абай Темірқазық», Досмағанбет Санжар «Сүйем Отан-Анамды»
7 Ә сынып оқушысы Абдуллаева Айгерім «Ұстазыма» атты Қайым Мұхамедхановтың өлеңдерін оқыды.
Келесі кезеңде ҚР Ұлттық музейінің қызметкерлері мектепте музей жұмысын жүргізу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Семинар соңында қатысушылар сертификаттармен марпатталды.

X