«АЛАШТЫҢ АРДА ҰЛДАРЫ»

2023 жылдың 22 желтоқсан күні Астана қаласы Білім басқармасы, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы», Астана қаласы әкімдігінің «Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназия» бірлесіп «АЛАШТЫҢ АРДА ҰЛДАРЫ» атты Республикалық ғылыми-танымдық конференциясы өткізілді.
Конференциямыздың қонақтары Қазақстан Республикасының мәжіліс депутаты, ұлт жанашыры, қоғам қайраткері Қазбек Иса Жарылқасынұлы және Астана қаласы мәслихаты VIII сайланымының депутаты Естек Қанат Ғалымжанұлы конференция ашылуымен құттықтап, осындай конференциялардың маңыздылығын атап өтті.
Конференция екі бөлімнен тұрды: планерлық және секциялық.
Пленарлық сессияның модераторы ретінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты болды.
Конференцияның пленарлық сессиясында ҚР ҰҒА академигі, Егемен Қазақстан РГ бас директоры Дихан Қамзабекұлы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Тіл саясаты комитетінің төрағасы Тілешов Ербол Ердембекұлы, Алаштанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, НУ профессоры Ісімақова Айгүл Серікқызы және Ә.Бөкейхан Алаш ҒЗИ-ның бөлім басшысы Тоқтарбай Елдос Нүсіпұлы қатысып, баяндама оқыды.
Бүгінгі конференциямыздың секциялық отырысын жағымды жаңалықтармен аша түсті. Осыған орай бүгінгі күні Біләл Сүлейұлының және Сұлтанмахмұт Торайғыровтың кабинеттері ашылды.
Секциялық отырыстардың модераторлары ретінде А.Қ. Құсайынов атындағы ЕАГИ қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, доцент Әлімбаев Аслан Есімханұлы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Шаймұрат Нұрдәулет, гуманитарлық ғылымдар магистрі Рахимжанов Қалжан Қайратұлы болды.
Жалпы конференция жұмысына 200 – ден астам адам қатысты.
Конференция материалдары жинақ ретінде жарық көреді.

X