«Қайым оқулары»

🔰🔰🔰2024 жылдың 19 сәуірінде Астана қаласындағы Қайым Мұхамедханов атындағы № 90 гимназиясында ғалым, абайтанушы, ақын, зерттеуші, драматург, аудармашы, Абай мұражайының негізін қалаушы Қайым Мұхамедхановқа арналған астаналық 8-11 сыныптар арасында алғашқы қалалық «Қайым оқулары» байқауы өтті.

♻️♻️♻️Іс-шараға ғалымның шығармаларын насихаттап жүрген бірнеше тұлғалар қатысты.
Салтанатты іс-шараның ашылуына Қайым Мұхамедханов атындағы білім жəне мəдениет қоғамдық қорының директоры Мұхамедхан Дина Қайымқызы, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдасқан профессор, ҚР Білім жəне ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының Үздіксіз кəсіптік білім беру институтының бас ғылыми қызметкері, Академия президентінің кеңесшісі Мұхамедханова Алмагүл Кеңесханқызы, Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы əдістемелік бөлімнің меңгерушісі, ҚР-білім беру ісінің құрметті қызметкері, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Иргебаева Қымбат Мұқанқызы, Астана қаласы əкімдігі «Əдістемелік орталық» əдіскері, Қайым ұстаздың шəкірті Баяхметбаева Кунумбала Изтолеуовна, Қайым кемеңгердің шəкірті, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері Оқан Рақымбаев, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Серік Сейітман және гимназия директоры Абдраманова Гүлжанат Асанқызы сөз сөйледі.

⚜️⚜️⚜️Гимназия оқушылары мен ұстаздары ақын поэзиясынан жыр шашып, өмірінен сахналық көрініс көрсетті және ақынға арналған әндерді орындады. Сонымен қатар қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Азамат Мәлжанбайдың «Ұлттық мектеп» әнұранын алғаш рет бүлдіршін оқушылар хормен орындады.
Сонымен қатар, бұл күні гимназиямыздағы болашақ ғалымдар үшін «Қайым» ғылыми-зерттеу орталығының ашылуы рәсімі өтті.

✅✅✅Іс-шараның негізгі бөлімінде қатысушы оқушылар келесі номинациялар бойынша бақ сынасты:
1. «Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған» шығармаларын жатқа оқу.
2. «Қауырсын қалам» жас ақындар байқауы.
3. «Қайраткер Қайым болмысы» эссе жазу.
4. «Абайдың інісі, Алаштың ірісі» буктрейлерлер жасау.

X