“Әрбір бала – бір жұлдыз”

🔰🔰🔰“Әрбір бала – бір жұлдыз” атты Ғылым айлығы аясында қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігі 8-сынып оқушылары арасында мектепішілік “Ақберен” шешендік өнер байқауын өткізді. Шараның мақсаты – би-шешендер мен ақын-жазушы, жыраулардың өнегелі сөздері арқылы оқушылардың бойына ізгі қасиеттерді сіңіру, әдебиетке қызығушылығын арттыру және сөздік қорын молайту. Жахина Медина, Төлешова Нұрай, Асқар Кәусар, Қабылбек Нұрасыл, Жәдігер Жанболат, Тлеубердиев Елнұр, Сейділда Еркеназ, Дайрабаева Айзере, Бастамиева Наргиз сынды бірқатар оқушы шешендік пен тапқырлық қасиеттерін жоғары деңгейде көрсетті.

X