«ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ – ОҚУШЫ КӨЗҚАРАСЫМЕН»

⚜️«ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ – ОҚУШЫ КӨЗҚАРАСЫМЕН» тақырыбындағы жолдастық дебат турнирі⚜️

📌📌📌 Бүгін білім ордамызда «ПЕДАГОГТЕРДІҢ ӘЛУЕУЕТІН КӨТЕРУДЕ КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕСІН ЖЕТІЛДІРУ» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. 🟢Осы семинардың 3-кезеңі БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ тәрбие сағаттары және дебат турнирі өтті.

✅ Дебатқа алынған тақырып «ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ – ОҚУШЫ КӨЗҚАРАСЫМЕН».

✅Аталған турнирге серіктес мектептерден оның ішінде Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің «ПАРАСАТ» дебат клубы, Астана қаласы №42 мектептің «ҰШҚЫР-ОЙ» дебат клубы, Астана қаласы №77 мектептің «АЛАШ» дебат клубы бақ сынасты.

✅ Турнирді ұйымдастырушы мектебіміздің «АЛАШ АМАНАТЫ» дебат клубының жетекшісі Қуандық Санатұлы. Сөз бәйгесіне төрелік жасаған тарих пәнінің мұғалімі Нұршаш Сьезханқызы.

🟡🟡🟡 Нәтижесінде:
І орын – «ПАРАСАТ» дебат клубы;
ІІ ОРЫН – “АЛАШ АМАНАТЫ” дебат клубы;
ІІІ орындар – «ҰШҚЫР-ОЙ», «АЛАШ» дебат клубтары.

⭐️ Мектебіміздің «АЛАШ АМАНАТЫ» дебат клубынан 8-сынып оқушысы Малдыбай Перизат, 10-сынып оқушысы Жасарова Мерей қатысқан болатын.

⚡️ Қара сөздің майын тамызып, ойының ұшқырлығын көрсете білген шәкірттерімізге алдағы сөз додаларында сәттілік тілейміз!

X