«Зерде»

18.11.2023 жылы «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2-4 сынып оқушылары арасында Республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары конкурсының қалалық кезеңін өткізді.
Конкурстың мақсаты: оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық деңгейін көтеру, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, балалардың фундаменталды және қолданбалы ғылымға қызығушылығын ынталандыру.
Конкурстың нәтижесі бойынша
Қайым Мұхамедханов атындағы № 90 гимназиясының келесі оқушыларын құттықтаймыз:
2-ші орынға иеленген Джанұзақ Айсана;
3-ші орынға иеленген Жексенбекқызы Елана;
3-ші орынға иеленген Данабек Ілияс;
3-ші орынға иеленген Адильхатова Айерке.
Жас зерттеушілерге бар қабілеттерін одан әрі шыңдап, ғылым әлемінде бұдан да биік белестерді тілейміз!

X