Жазғы мектептің жұмысы

✅ Мамыр айының 27-31 күндері гимназиямызда 1-4, 5-8 және 10 сыныптар бойынша жазғы мектеп жұмысы ұйымдастырылуда. Қажетті бөлінген пәндердің негізінде мұғалімдер тағайындалып, сабақ кестесі әзірленді.
Оқушылардың сұраныстары мен қажеттіліктерін ескере отырып, сараланған, жеке тәсілдер негізінде алғашқы сабақтар өткізілді.
Климаттық жағдайларды ескере отырып, бастауыш сыныптарда сабақтар 30 минуттан, 5-10 сыныптарда 40 минутқа дейін өткізілуде.
Оқуға құштар, білімге зерек шәкірттеріміздің саны арта берсін!
X