“Бейінді лагерьі”

3.06.2024 жылы Қ.Мұхамедханов атындағы №90 гимназияда 5-7 сыныптар арасында “Бейінді лагерьі” ашылды. Мақсаты: белсенді демалысты ұйымдастыру, балалардың толыққанды демлауын, олардың шығармашылық дамуы мен сауығуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау.
Міндеттері:
– Белсенді демалысты ұйымдастыру, оқушылардың шығармашылық дамуы мен сауығуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау;
– Баланың бойында патриоттық сезімдерді, отбасына, үйіне, Отанына деген сүйіспеншілік пен құштарлықты дамыту үшін жағдай жасау, балаларға өздерін қазіргі қоғам өмірінің қатысушысы ретінде сезінуге мүмкіндік беру.
– Дене шынықтыру және спортпен тұрақты айналысуға қызығушылықты ояту, өз денсаулығын нығайту қажеттіліктерін қалыптастыру;
– Балалардың интеллектуалды және танымдық қабілеттерін, коммуникативті, қолданбалы дағдыларын және тәуелсіздігін дамыту.

X