«Қайым тағылымы» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжрибелік конференция өтті

12.01.2026 жыл

«Қайым тағылымы»
тақырыбында республикалық ғылыми-тәжрибелік конференция өтті

«Астана дарыны» орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған «Қайым оқулары» байқауы аясында республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинардың басты мақсаты – көрнекті ғалым, әдебиеттанушы Қайым Мұхамедхановтың ғылыми-шығармашылық мұрасын насихаттау, оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамыту және педагогтер арасында тәжірибе алмасуға жағдай жасау.

Іс-шараға республика өңірлерінен келген оқушылар мен ұстаздар қатысып, ғылыми жобалар мен зерттеу жұмыстарын қорғады. Семинар барысында Қайым Мұхамедханов еңбектерінің қазіргі білім беру жүйесіндегі маңызы талқыланып, жас зерттеушілердің тың идеялары мен шығармашылық ізденістері ұсынылды.

Республикалық семинар білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырып, ұстаздардың кәсіби тәжірибесін жетілдіруге, сондай-ақ ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеуге үлкен үлес қосты.