16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – тұғырым» атты іс-шара өтті

2025 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – тұғырым» атты тәрбиелік-мағыналық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру, ел тарихына деген құрметті арттыру және тәуелсіздіктің маңызын ұғындыру.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздікке жету жолындағы тарихи кезеңдері кеңінен қамтылып, ел егемендігі жолында еңбек еткен тұлғалардың ерлігі мен еңбегі дәріптелді. Қатысушылар патриоттық өлеңдер оқып, әндер орындап, мазмұнды қойылымдар ұсынды.
«Тәуелсіздік – тұғырым» іс-шарасы қатысушыларға ерекше рухани әсер сыйлап, жас ұрпақты елін сүюге, тәуелсіздікті қадірлеуге тәрбиелеуге бағытталды. Мұндай тағылымды іс-шаралар оқушылардың азаматтық көзқарасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.