«Oi-sandyq» оқу және математикалық сауаттылық бағытындағы мұғалімдер арасындағы зияткерлік байқаудың республикалық кезеңінде жүлделі орын

30 наурыз күні Астана қаласында «Oi-sandyq» оқу және математикалық сауаттылық бағытындағы мұғалімдер арасындағы зияткерлік байқаудың республикалық кезеңі өтті.

Аталған байқауға еліміздің әр өңірінен іріктеліп, үздік деп танылған педагогтер қатысып, өзара тартысты додада кәсіби біліктіліктерін сынады.

Қатысушылар қатарында Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназия қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айдын Құмарбекұлы да болып, жоғары деңгейдегі дайындығын көрсетті.

Байқау барысында топтық кезеңде бас жүлдені Астана қаласының мұғалімдері иеленді. Сонымен қатар, жұптық сайысқа қазақ тілі мен әдебиеті және математика пәндерінің ұстаздары қатысып, зияткерлік қабілеттерін жан-жақты танытты.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен, соның ішінде бас жүлде — 1 000 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификатпен марапатталды.

Аталған байқау педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасайтын маңызды алаң ретінде ерекшеленді.